УЕФА Чемпиондар Лигасы 2018-2019 маусымының топтық кезеңінде G тобында өнер көрсететін «Реал Мадрид» пен «Рома» кездесу өткізеді.
«Реал Мадрид» пен «Рома» ойыны Мадрид қаласындағы «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді. Ойынға голландиялық маман Бьорн Кейперс өз тобымен төрелік ететін болады.
Кездесу 19-шы қыркүйектен 20-шы қыркүйекке қараған түні, Астана уақыты бойынша сағат 00:55-те басталады. Отандық «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетсек, «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының соңғы 8 мәрте қатарынан кем дегенде жартылай финалға дейін шығып, төртеуінде жеңімпаз атанған.
«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының соңғы екі маусымында ширек финалға өз тобынан екінші орынмен жолдама алып отырған.
Сондай-ақ, G тобындағы «Виктория» — «ЦСКА» клубтары да өзара кездесу өткізеді.
Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт