УЕФА Чемпиондар Лигасы 2018-2019 маусымының топтық кезеңінің 1-ші кезеңі аясында «Барселона» — «ПСВ»-ны 4:0 есебімен тас талқан етті.
«Камп Ноу» стадионында өткен ойында, каталондық клубтың капитаны Лионель Месси хет-трикпен көзге түсті. 31 жастағы шабуылшы үшін бұл Чемпиондар лигасындағы 8-ші хет-тригі болды. Осыған дейін ешкім бұндай көрсеткішке жетпеген болатын.
Сонымен қатар, Месси Чемпиондар лигасының 14 маусымда гол соққан екінші ойыншы атанды. Ол, «Реал Мадрид» ойыншысы Раульдің жетістігін қайталады.
Сондай-ақ, кедесуде «Барселона» шабуылшысы Усман Дембеле өте әдемі гол соқты. Ойынның соңғы бөлігін «Барселона» он ойыншымен ғана өткізді. Себебі, Умтити екі сары қағаз алып алаңнан қуылды.
B тобындағы «Интер» — «Тоттенхэм» клубтары кездесу өткізді. Ол ойында алаң иелері 2:1 жеңіске жетті.
Осылайша, «Барселона» көш басында, «Интер» екінші, «Тоттенхэм» үшінші, ал «ПСВ» соңғы орында тұр.
«Барселона» 4:0 «ПСВ»
Голдар: Месси, 31, 77, 87, Дембеле, 73.
«Барселона»: тер Штеген — Роберто, Умтити, Пике, Альба — Ракитич (Видаль, 85), Бускетс, Коутиньо (Ленгле, 81) — Месси, Суарес, Дембеле (Артур, 83).
«ПСВ»: Зут — Думфрис, Швааб, Вергиевер (Изимат-Мирен, 67), Анхелиньо — Росарио (Гутьеррес, 82), Перейро, Хендрикс — Бергвейн (Мален, 78), Л. Де Йонг, Лосано.
Алаңнан қуылды: Самуэль Умтити, 79.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт