ESPN телеарнасы сайтында барлық салмақ бойынша боксшылардың жаңартылған рейтингісін ұсынды.
Сауль Альварес — Геннадий Головкинді төрешілердің шешімімен жеңгеннен кейін, орта салмақ бойынша үздік-10 боксшы рейтингісі өзгеріске ұшырады. Көш басында тұрған Головкин өз орынын Альвареске беріп, екінші сатыға жылжыса, үздік үштікті Дэниэл Джейкобс қорытындылады.
Келесі орындар мына тізім бойынша жалғасады:
4. Билли Джо Сондерс
5. Джермалл Чарло
6. Сергей Деревянченко
7. Давид Лемье
8. Риота Мурата
9. Мартин Мюррей
10. Деметриус Эндрейд
Сурет: Getty Images сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт