Басты бет / Қысқы спорт / Коньки / ДМИТРИЙ БАБЕНКО 10000 МЕТРДЕ ТӨРТІНШІ ОРЫН АЛДЫ

ДМИТРИЙ БАБЕНКО 10000 МЕТРДЕ ТӨРТІНШІ ОРЫН АЛДЫ

 

Жапония елінде қысқы Азия ойындарды жалғасуда. Конькишілер 10000 метрде сынға түсті.

Оңтүстік Кореялық Сён Хун Ли чемпион атанды. Одан +5,35 секунд кешігіп Жапониялық  Рёсуке Тсучия екінші болып мәреге жетсе, оның отандасы Сейтаро Ичиноэ үздік үштікті қорытындылады. Қазақстандық Дмитрий Бабенко  +29,34 уақытымен төртінші орыннан көрінді.

Бұның алдындағы 5000 метр қашықтықта да дәл осы спортшылар жүлде тұрғырынан көрінген болатын. Тек бұл жолы Дмитрий бір саты жоғарылап бесінші орыннан төртінші орынға жылжып отыр.

Сондай-ақ

ДЖАКАРТАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ РЕСМИ ТҮРДЕ КӨТЕРІЛДІ

Бүгін Джакартадағы атлетикалық ауылда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді деп хабарлайды Olympic.kz. Еліміздің …