«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында кезекті велошеру өтті, деп ақпараттық-спорттық ХАБ хабарлайды.
300-ге жуық кез келген қала тұрғындары мен қонақтары «Нұрлы Тау» БО алаңында ақ жауынға қарамастан жиналып, 13 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Олар Қазақ мемлекеттік циркінде велошеруді аяқтап, бағалы сыйлықтар және велосипедтерге ие болды.
Соның бірі 12-жасар алматылық Данил Сейдуалиев. Оның айтуынша ол осы жылы велошеруге төртінші рет қатысып отыр.
-Маған велошеру ұнайды. Жиі қатысуға мүмкіндік бола бермейді, бірақ келуге тырысып жүрмін. Өзім дзюдомен айналысамын. Бүгін велосипед ұтқаныма ризамын. Өзімдікін енді сататын шығармын, – деді Данил.
Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он үшіншісі болып саналады.