УЕФА Супер Кубогы үшін Эстония астанасы Таллинндегі «A. Le Coq Arena» стадионында өткен ойында, «Атлетико» қосымша таймда «Реал Мадридті» жеңіп, осы маусымдағы алғашқы жүлделеріне қол жеткізді.
Өткен маусым аяқталғаннан кейін «Реал Мадридтен» әлемдегі үздік бапкерлердің Зинедин Зидан мен клуб тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі Криштиану Роналду кеткен болатын.
Еуропа Лигасының жеңімпазы «Атлетиконың» ойыншысы Коста кездесудің 1-ші минутында Чемпиондар Лигасының жеңімпазы «Реал Мадридке» гол соғып кетті. Ал кездесудің 27-ші минутында «Реал» ойыншысы Бензема гол соғып есепті теңестірді.
Ойынның екінші таймында «Атлетиконың» қорғаушысы Хуанфран өз айып алаңында қолмен ойнады, бас төреші дереу пенальти қойды. «Реал» капитаны Рамос пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды. «Атлетико» командасы да беріспей, 79-шы минутта Коста тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. Сонымен 90 минуттың нәтижесінде есеп 2:2 болды.
Бірінші қосымша таймда «Атлетиконың» ойыншылары сәтті ойын өрнегін көрсетіп, 98-ші минутта Сауль және 104-ші минутта Коке гол гол соғып, командасына жеңіс әкелді.
«Атлетико» басты қарсыласы «Реал Мадридті» жеңе отырып, өзінің осы маусымдағы алғашқы жүлделерсіне қол жеткізді.
Сурет: Getty Images сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт