Басты бет / Бокс / ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕК АЛДЫНДАҒЫ АШЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ УАҚЫТЫ МЕН ӨТЕТІН ЖЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕК АЛДЫНДАҒЫ АШЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ УАҚЫТЫ МЕН ӨТЕТІН ЖЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя, өзінің боксшысы мен Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) екінші жекпе-жектері алдындағы ашық жаттығуларының уақыты мен өтетін жерін хабарлады.

Тілшілер үшін де, жанкүйерлер үшін де ашық болатын жаттығу, 26-шы тамыз күні Лос-Анджелес (Калифорния штаты, США) қаласында орналасқан «Banc of California» стадионында өтеді. Бұл Америка чемпионатында өнер көрсететін «Лос-Анджелес» футбол клубының стадионы.

Екінші жекпе-жек 15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да өтеді. Головкин мен Канело арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр қыркүйек айында дәл сол Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да өтті. 12 раундтың қорытындысы бойынша даулы тең нәтиже тіркелген еді.

Сондай-ақ

АЗИАДА-2018: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ АЛҒАШҚЫ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Азия ойындарында су добынан әйелдер командасы арасындағы бәсекелер аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Соңғы матчта …