Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «БАРСЕЛОНА» КЕЗЕКТІ РЕТ ГАМПЕР КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

«БАРСЕЛОНА» КЕЗЕКТІ РЕТ ГАМПЕР КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Барселона қаласының «Камп Ноу» стадионында «Жоан Гампер Кубогы» үшін «Барселона» мен «Бока Хуниорс» ойын өткізді.

Эрнесто Вальверденің командасы ешқандай қиындықсыз аргентиналық «Бока Хуниорс» клубын 3:0 есебімен жеңді. Голдардың авторлары Малком, Месси және Рафинья атанды.

«Жоан Гампер Кубогы» — 1899-шы жылы «Барселона» клубының негізін қалаған президенті Жоан Гампердің құрметіне, «Барселона» клубымен 1966-шы жылдан бері өткізіліп келетін жолдастық дода.

Жыл сайын ойын басталар алдында, «Барселона» клубы команданың бапкерлік құрамын және ойыншыларын ресми түрде таныстырады.

Сондай-ақ

АЗИАДА-2018: ЖҰЛДЫЗ ЕШІМОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ АЛТЫНШЫ ЖҮЛДЕНІ СЫЙЛАДЫ

Бүгін әйелдер күресінен 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жұлдыз Ешімова ақтық сында жеңілді. …