Басты бет / Бокс / Астана Арландары / «АСТАНА АРЛАНДАРЫ» ҮНДІСТАН БОКСШЫЛАРЫНАН БАСЫМ ТҮСТІ

«АСТАНА АРЛАНДАРЫ» ҮНДІСТАН БОКСШЫЛАРЫНАН БАСЫМ ТҮСТІ

Қарағандыда  «Астана Арланс» пен «Indian Tigers» боксшылары арасындағы кездесу өтті. Қазақстандық команда 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Ең бірінші болып шаршы алаңға 60 келіде Серік Теміржанов шықты. 19 жасар боксшымыздың қарсыласы Дахия Анкуш атанды. Айта кету керек, екі боксшыда дебюттік жекпе-жектерін өткізіп отыр.

Кездесу барысында Серіктің басымдылығы айқын көрініп тұрды. Ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Осылайша өзінің алғашқы бес раундтық кездесуін өткізген отандасымыз  3:0 (49-45, 50-44, 49-45) есебімен жеңіске жетті.

69 келі салмақ дәрежесінде Бекболат Құрамысов өзінің дебютін өткізді.  Негги Дурьодхан Сингхты 3 раундтың қорытындысы бойынша 2:1 (30-27, 28-29, 30-27) есебімен жеңіп келіп, қарсыласы жарақат алып қалды.  Осылайша Бекболат алғашқы кездесуін сәтті өткізіп отыр.

81 келі салмақ дәрежесінде Нұрдәулет Жармановтың қарсыласы Ядав Брижеш атанды. Үнді елінің боксшысымен болған кездесу тартысты өтті. Нұрдәулет 2:1 (49-46, 49-46, 47-48) есебімен жеңіске жетті.

91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Аманжолов Парвеен Кумарды 3:0 (50-45, 50-45, 50-45) есебімен жеңді. Отандасымыз шаршы алаңда кімнің қодайын екенін көрсетіп, қарсыласын оңай ұтты.

Соңғы болып шаршы алаңға 52 келі салмақта Ақниет Балтабаев пен Үндістандық боксшы Бишт Кавиндер Синг шықты.  Өкінішке орай Ақниет ұпай санымен жеңіліп қалды.

Осылайша «Астана Арланс» пен «Indian Tigers» боксшылары арасындағы кездесу 4:1 есебімен аяқталды.

 

Сондай-ақ

ЮЛИЯ ГАЛШЕВА ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Фристайлдың могул түрінен Қазақстан алғаш рет Олимпиада ойындарындағы жүлдесін алды. Корея елінде өтіп жатқан қысқы …