Басты бет / Қысқы спорт / ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА ЖАРЫСТАН КЕЙІН ӘСЕРІМЕН БӨЛІСТІ

ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА ЖАРЫСТАН КЕЙІН ӘСЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Пхенчхан Олимпиадасында Қазақстанға «қола» жүлде алып келген фристайлшы Юлия Галышева ҚазАқпарат тілшісімен жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті.

— Жүлделі болуыңызбен құттықтаймыз!

— Рахмет! Маған жанкүйер болған барлық отандастарыма рахмет! Алғыс айтқым келеді. Осында жүрген сіздерге де разымын. Қазақстан қоржынына түскен алғашқы медаліміз баршамызға құтты болсын!

— Жүлде алатыныңызға сенімді болдыңыз ба?

— Шешуші финалдық сында қатты қорықтым. Қазір өз-өзіме сенбей тұмын. Қуанышымда шек жоқ. Негізі мен бақыттымын.

— Финалда соңғы қарсыласыңыз жарыс жолынан шығып қалды. Жағдай бұлай өрбімегенде қалай болар еді?

— Бірдеме айта алмаймын. Жарыста ең жаманы — төртінші орын алу. Төртінші орынды ағаш медаль дейді. Ондай орыннан бесінші орын алған әлдеқайда жақсы. Жалпы, қуаныштымын.

Еске салайық, бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында фристайлшы Юлия Галышева Қазақстан қоржынына тұңғыш медальды салды. Үздік алты спортшының арасында алғашқы болып жарыс жолына шыққан спортшымыз 77,40 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған Олимпиаданың қола жүлдесін сыйлады.
inform.kz/kz

 

Сондай-ақ

ДМИТРИЙ РЕЙХАРД ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қазақстандық фристайлшылар Жапонияның Тадзавако қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде бақ сынады. Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий …