Олимпиада ойындары аясында биатлон жарыстары басталды. Бүгін әйелдер спринтте бақ сынады.
Пхенчханда ауа-райының қолайсыз болғанын айта кету керек. Екі ату айлағында да мергендік танытқан Германиялық Лаура Дальмаер чемпион атанды. Бір-бірден қателік жіберген Норвегиялық Марте Олсбю мен Чехиялық Вероника Виткова сәйкесінше күміс пен қола жүлдеге ие болды.
Қазақстандық арасындағы үздік нәтиже Галина Вишневскаяға тиесілі. Отандасымыз екі қателік жіберіп, 30-шы орыннан көрінді. Дарья Климина 58-ші, Ольга Полторанина 63-шы, Алина Райкова 71-ші орындардан көрінді.