Қазақстандық жекпе-жек шебері Арман Әшімов Санкт-Петербургте M-1 Challenge 87 аралас жекпе-жек турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Қазақстандық спортшы финдік Микаэля Силандерамен айқасқа түсіп, ең жеңіл салмақ санатында уақытша чемпион атанды.
Жерлесіміз бірінші раундта қарсыласының осал тұстарын барлап алып, екінші раундта оны нокаутқа жіберді.
Арман Әшімов 2017 жылы жарқ етіп көзге түскен еді. Ол сол жолы жеңіліп көрмеген Гаджимурад Алиевті сұлатып салған болатын. Арада аз уақыт ішінде оған шарт ұсынылды. Екінші жекпе-жегінде Арман бразилиялық Родриго Мелонионы нокаутпен жеңген.
Енді Әшімов жарақатына байланысты уақытша жекпе-жектен шеттеп жүрген чемпион Александр Доскальчукпен кездеспек.