Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЛИВЕРПУЛЬДЫҚ ФАРАОН

ЛИВЕРПУЛЬДЫҚ ФАРАОН

Жаңа команда жейдесін киген ойыншы, әріптестеріне, клуб дәстүріне, бапкер нұсқауларына бірден үйренісіп кете бермейді. Бұл нәрселерге үйренісу үшін, былайша айтқанда «адаптация» үшін қалауы бітпейтін жанкүйерлер де, сеніммен қарайтын клуб басшылықтары да уақыт беріп жатады. Ал, кейбір футболшылар командаға келісімен, жатсынбай, бұрыннан сол клубтың мүшесі секілді тым әсерлі ойын көрсетіп, жаңа «лидер» атанып жатады.

Мохамед Салах екінші айтқан ойыншыларымның қатарына кіреді. Египеттік жалғыз «Ливерпульде» ғана емес, өзі өнер көрсеткен барлық клубтарда жасындай жарқылдап келеді. Мансабын отанында «Макавлун» командасында бастаған Мохамед, 18 жасында египеттік команданың негізгі құрамына ілікті. Оқиғаның соңында «Энфилд» стадионына әкелетін керемет техикасы мен жылдамдығы тек Африкалық клубтарды емес,  Еуропа клубтарында таң тамаша қылды. 2011/2012 жылғы маусымда «Базель» ойыншыны сатып алды.

Жоғарғы деңгейде 2 маусым өнер көрсеткен Салах «Базельде» көп тұрақтамайтынын білді. 2013/2014футбол маусымында Мохамед, сол кездегі Моуриньо бастаған «Челсиге» келді. Ағылшын премьер –лигасында бірнеше матч өткізіп, «Арсенал» қақпасына гол соққан египеттік Моуриньо жоспарына кірмегендіктен «Серия А» клубына жалға берді.

Картинки по запросу Салах Базель

Фиорентина клубына келген сәттен команда үздіктерінің біріне айналды. Барлық турнир бойынша 16 ойын өткізіп, гол+пас нәтижесімен 9 ұпай жинады. Италияндық лигада тәп-тәуір өнер көрсеткеннен кейін, «Челсиға» трансфер жөнінде көп ұсыныс түсті. Ойыншыны қатты қалағандықтан ба?, әлде, финанс жағы жақсы болды ма? Әйтеуір Мохамед Италия астанасы Римге табан тіреді. «Рома» клубы да, жанкүйерлері де Салахты жылы шыраймен қарсы алды.

2015/2016 жылғы маусымнан бастап, «Рома» сапында өнер көрсете бастады. Бірден команда сапына сіңісіп кеткен Мохмед кейіннен, команда лидері болып, Италияндық лиганың басты жұлдыздарының қатарын толықтырды. Зымыран Салах Италияда да жалынды 2 маусым өткізіп, «Рома» жейдесін жасыл алаңға 65 рет киіп шықты. 65 ойынның ішінде египеттік жұлдыз 29 гол соғып, 22 голдық пас авторы атанды. Футбол әлеміне өзінің жаңа жұлдыз екенін, әрі оның ғажайып ойыны кездейсоқтық емес екенін дәлелдеген Мохамед, жаңа маусым басталасымен трансфер жөніндегі ұсыныстардың астында қалды.  Барлығынан да табандырақ болған ағылшындық «Ливерпуль»  2017/2018 жылғы футбол маусымында Салахты қатарына 42 миллион еуроға қосты.

Картинки по запросу Салах Рома

«Ливерпульге» келген күннен бастап, египеттік Клопп командасына не үшін келгендігін көрсете бастады. «Юргеннің» тактикаларының бәрін лезде ұғып алған Салах «Ливерпульге» келген күннен-ақ басты нағыз команда лидеріне айналды. Барлығы, 35 ойын өткізіп үлгерген египеттік сиқыршы гол+пас нәтиежесі бойынша 39 ұпай жинады. «Ливерпуль» командасында бразилиялық Фирминомен азулы дуэт құрған Мохамед, Еуропа командаларын сескенте бастады. Дәл, қазіргі сәтте, яғни бүгінгі 12. 02.18 жылғы АПЛ аясындағы 27 тур ойнында  «Ливерпуль» «Саутгемптонға» қонаққа барып (0:2) есебімен қарсыласты ұтты. Сол ойында Салах өз еншісіне гол мен голдық пасты жазды. Одан басқа, Робби Фаулердің орнатқан рекордын қайталады. Жалпы, ағылшындық клуб сапында көрсетіп жүрген Мохмедттің футбол дәрежесі тым биік. Ливерпульдік ФАРАОН дәл осы қарқынымен жалғастыратын болса, осы жылғы үздіктер қатарынан ғана емес, мүмкін жаңартылған футбол тарихы беттерінен де көрерміз…

Картинки по запросу салах ливерпуль

Сондай-ақ

«АСТАНА-СПОРТИНГ» ОЙЫНЫ ТУРАЛЫ

Бүгін Еуропа Лигасының 1/16 финалдық кезеңінде елордалық «Астана» футбол клубы лиссабонның «Спортингін» қабылдайтын болады. Екі …