20 жасар қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіпқой рингтегі екінші кездесуін 16 маусымда өткізеді.
Бұл туралы Boxrec.com жазды. Жекпе-жек Канададағы Centre Gervais Auto аренасында жұдырықтаспақ. Бірақ қарсыласының кім болары әлі белгісіз.
Естеріңізде болса, Ахмедов кәсіпқой бокстағы дебютін 7 сәуірде Канадада өткізген болатын: сол кездесуінде мексикалық Тони Баррерасты 31 секундта нокаутқа түсірген еді.
Дереккөз: prosports.kz
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт