Басты бет / Кәсіпқой бокс / КАНАДАДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШ БОКСШЫ РИНГКЕ ШЫҒАДЫ

КАНАДАДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШ БОКСШЫ РИНГКЕ ШЫҒАДЫ

Шавиниганда (Канада) 16 маусымда үш қазақстандық қатысатын бокс кеші өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Атап айтқанда, рингке Абылайхан Хұсаинов (8-0, 5 КО), Нұрзат Сабиров (5-0, 5 КО) және Садриддин Ахмедов (1-0, 1 КО) шығады. Бірақ олардың қарсыластарының кім екендіктері әзірге жарияланған жоқ.

Алдында Хусаиновтың бокс кешінің бірінде өзге қазақстандық — Батыр Жүкембаевпен (12-0, 10 КО) 26 мамырда Квебекте (Канада) рингке шығуы күтілген еді. Бірақ таңдау маусымдағы жекпе-жекке ауысты. Абылайхан өзінің соңғы айқасын 31 наурызда өткізді. Ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен мексикалық боксшы Хильберто Месуды (8-4-1, 5 КО)  жеңді.

Сабиров  7 сәуірде чех Станислав  Эшнермен (8-9-1, 5 КО) айқасқан.  Алты раундтық жекпе-жек төртінші раундта Нұрзаттың жеңісімен аяқталды (техникалық  нокаут).

Сондай-ақ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы …