Басты бет / Кәсіпқой бокс / САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛ ЕКІНШІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛ ЕКІНШІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сағадат Раxманқұл колумбиялық боксшыдан басым түсті.

Кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін АҚШ елінде өткізеген Сағадат Раxманқұл кезекті жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз жеңіліп көрмеген колумбиялық Джон Леонмен (3-0 2 КО) 6 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

Бірінші орта салмақта сынға түскен Сағадаттың қарсыласы оңай шағылатын жаңғақ емес екенін көрсетіп, отандасымызға әжептеуір тегеуірін көрсетті.

Айта кетейік, 24 жасар Сағадат Раxманқұл кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін америкалық Ноэл Ескудаға (8-5-2, 6 КО) қарсы өткізіп, 5 раундта теxникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ

ДЖИУ-ДЖИТСУШЫЛАР ПАРИЖДЕ ТОП ЖАРДЫ

Франция астанасы Париж қаласында джиу-джитсу спортынан «Grand Slam Paris Open» (JJIF) xалықаралық турнирі өтуде. Дүбірлі …

Добавить комментарий