Басты бет / Кәсіпқой бокс / САДРИДДИННІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

САДРИДДИННІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

Жастар арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Бокс кеші Шавиниган (Канада) штатының Centre Gervais Auto ойын-сауық кешенінде өткен. Онда 20 жастағы қазақстандықтың қарсыласы тәжірибелі мексикалық боксшы Густаво Гарибай болды.

Бірінші орта салмақта алты раундқа есептелген жекпе-жекте Ахмедов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.Бесінші раундта Ахмедов сол қолымен жойқын апперкот соққысын жасап, мексикалықты сұлатып салды.

Садриддин кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен ұтқан, ал Гарибай мансабында он бірінші рет жеңіліс тапты.

Сондай-ақ

«АДАЙ» КӘСІПҚОЙ РИНГТЕГІ БЕСІНШІ ЖЕҢІСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Қазақстандық былғары қолғап шебері Уалихан Бисенқұлов кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ресей астанасы Мәскеуде …