Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын 27 жастағы қазақстандық боксшы Иван Дычкокәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді.
Сегіз раундқа белгілеген кездесуде оған чемпиондық титулға экс-үміткер 32 жастағы америкалық Майкл Марроне қарсылас болды. Кездесу Сент-Питерсбергтегі «Колизейде» өткен бокс кешінің аясында өтіп, бірінші раундта аяқталды.
Қазақстандық боксшы карьерасында алтыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Дычко барлық жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған. 32 жастағы Марроне болса карьерасында тоғызыншы рет жеңіліп отыр, ол 21 рет жеңіске жеткен.
Естеріңізге салсақ, Дычко өзінің соңғы жекпе-жегінде Стивен Кирнонды бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт