8-10 маусым аралығында Тайланд елінде Джиу-джитсу спортынан «Thailand Open 2018» Халықаралық турнирі өтті.
Халықаралық рейтингтік «Thailand Open International Tournament» турнирінде Азияның 15 мемлекетінен 400-ге жуық спортшы қатысты. Ұлттық құрама мүшелері жақсы өнер көрсетіп, жалпы есепте 5 алтын, 1 күміс, 3 қола медальді қанжығаға байлады.
Сейдуәлі Нұржан, Нортаев Дархан, Нұртақанов Олжас және Құсаинов Рамазан (файтинг, не-ваза) қарсылас шақ келтірмей, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Гаврилюк Андрей күміс жүлдегер атанса, Қонысов Қуандық, Мекенбаева Арайлым және Дуванова Галина қола жүлдеге ие болды.
Бұл нәтижемен Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынды еншіледі.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт