Басты бет / Кәсіпқой бокс / Әли Ахмедов / ӘЛИ АХМЕДОВ ОН ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ӨТКІЗЕДІ

ӘЛИ АХМЕДОВ ОН ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ӨТКІЗЕДІ

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Әли Ахмедов (11-0, 8КО), 8-ші тамыз күні өтетін «Hollywood Fight Nights» бокс кешінде шаршы алаңға көтерілмек.

Бокс кеші, Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34КО) промоутері Том Леффлер басқаратын «360 Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастырылуымен Голливудта (Калифорния штаты) орналасқан «Авалон» аренасында өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде 23 жастағы Әли жергілікті боксшы 33 жастағы Хорхе Эскалантемен (9-1-1, 6КО) қолғап түйістіреді. Кездесу алты раундқа жоспарланған.

Әли, соңғы жекпе-жегін 30-шы желтоқсан Алматыда өткізіп, қарсыласы азербайжандық Исмат Эйнуллаевты техникалық нокаутпен тізе бүктірген болатын. Қазіргі уақытта Әли «Big Bear Summit»-те Абель Санчестің қол астында Геннадий Головкинмен бірге жаттығуда.

Сондай-ақ

ПРЕМЬЕР-ЛИГАДАҒЫ 21-ШІ ТУРДЫҢ ҮЗДІК ГОЛЫ ТАҢДАЛДЫ

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма бірінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама …