Басты бет / Бокс / ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВТІҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ӨТУІ МҮМКІН ЖЕР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВТІҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ӨТУІ МҮМКІН ЖЕР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің (3-0, 1 КО) промоутері келесі жекпе-жектің өтуі мүмкін жері мен күнін айтты.

Boxingscene.com сайтының хабарлауынша, «Эдди Хирн, Елеусінов шаршы алаңға қазан айында АҚШ-та оралатындығын айтқан. Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының 6-шы қазан күні Чикагода бокс кеші жоспарланған, басты жекпе-жек жартылай ауыр салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Каллум Джонсон пен Артур Бетербиев арасындағы кездесу. Және де 20-шы қазан күні Калифорнияда да бокс кеші жоспарланған, ол кештің басты жекпе-жегінде Гэвин Макдоннелл мен екінші жеңілірек салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Даниэль Роман арасындағы кездесу».

Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінде қарсыласы венгриялық Габор Горбичпен (24-11, 14 КО) алты раундтық жекпе-жекті толық өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ

«МАРСЕЛЬ» ЛИГА 1-ДІҢ ЖАҢА МАУСЫМЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОЙЫНЫНДА «ТУЛУЗАНЫ» ТАС ТАЛҚАН ЕТТІ

«Марсель» француздық Лига 1-дің 2018/19 маусымының бірінші турында «Тулузаның» қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Бұл …