Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «БАРСЕЛОНА» ПОГБА ҮШІН 50 МИЛЛИОН ЕУРО ЖӘНЕ МИНА МЕН ГОМЕШТІ ҰСЫНДЫ

«БАРСЕЛОНА» ПОГБА ҮШІН 50 МИЛЛИОН ЕУРО ЖӘНЕ МИНА МЕН ГОМЕШТІ ҰСЫНДЫ

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Поль Погбаны сатып алу жайлы «Барселонаның» ұсынысын қайтарды.

«Барселона» «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погбаны сатып алуға ниетті.

Тілші Джанлука Ди Марционың мәліметінше, каталондықтар 25 жастағы француз үшін 50 миллион еуро және орталық қорғаушы Йерри Мина мен жартылай қорғаушы Андре Гомешті ұсынды.

Бірақ, «қызыл сойқандар» бұл ұсыныстан бас тартты және де олар осы жазда Погбаны сатпақ емес.

Өткен маусымда Поль Премьер-лигада 27 ойын өткізіп, 6 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді.

Ал осы жазда өткен Әлем Чемпионаты 2018-де Поль Погба Франция құрамасымен әлемнің су жаңа чемпиондары атанған болатын.

Фото: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ҮШ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов Азия ойындарының алдындағы басты мақсатты атады. Бас бапкердің …