Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ 2018-ДЕ СЕМСЕРЛЕСУДЕН СЫНҒА ТҮСЕТІН СПОРТШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ АНЫҚТАЛДЫ

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ 2018-ДЕ СЕМСЕРЛЕСУДЕН СЫНҒА ТҮСЕТІН СПОРТШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ АНЫҚТАЛДЫ

Семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Писцов Азия ойындарына қатысатын нояндардың есімін атады. Бүгінде спортшылар АІВА академиясында Азиада алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.

Шпага, ерлер:

Руслан Курбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов;

Шпага,әйелдер:

Ульяна Балаганская, Әсел Әлібекова, Тамила Муридова, Джамиля Юнусбаева;

Сабля, ерлер:

Илья Мокрецов, Нұржан Карим, Сергей Аниськов, Дамир Ибрагимов;

Сабля, әйелдер:

Тамара Почекутова, Айгерім Сарыбай, Татьяна Приходько, Айбике Хабибуллина.

Бапкерлер: Сергей Ананьев, Сергей Шабалин, Жолдасбек Тұрлыбеков;

«Азия ойындарына дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр. Бұл күндері АІВА Академисында жаттығудамыз. Жүлде туралы айтар болсам, әрине, медальдан үміттіміз. Осыған дейінгі Азия ойындарында шпагашыларымыз екі мәрте алтын жүлде иеленген болатын. Сол себепті, алтын алатын мүмкіндік бар. Жалпы, шпагашылар команданың сөзсіз үздіктері саналады. Алайда, біз басқа түрлерден де жүлде күтеміз. Негізінен, шпагадан ерлер мен сабляшы қыздарға сенім артамыз. Ал Азия ойындарындағы басты қарсыластарымыз – Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония спортшылары болмақ», — дейді семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Писцов.

Естеріңізге сала кетсек, 18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында 42 спорт түрінен XVIII Жазғы Азия ойындары өтеді.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

КХЛ КЛУБЫ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

9-12 тамыз аралығында Астанадағы «Барыс-Арена»-да хоккейдан Қазақстан Президентінің Кубогы өтіп, Қазақстан ұлттық құрамасы және Континенттік …