Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «ҚАЙРАТТЫҢ» ЕЛ-НЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ АЯСЫНДАҒЫ ОЙЫНЫ СӘТСІЗ АЯҚТАЛДЫ

«ҚАЙРАТТЫҢ» ЕЛ-НЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ АЯСЫНДАҒЫ ОЙЫНЫ СӘТСІЗ АЯҚТАЛДЫ

Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында, алматылық «Қайрат» сырт алаңда чехиялық «Сигмаға» қарсы ойын өткізді.

Чехияның Оломоуц қаласында орналасқан «Андрув» стадионында өткен ойында, чехиялық «Сигма» «Қайратты» 2:0 есебімен жеңіп, өзіне қолайлы нәтижеге қол жеткізді.

Ойынның алғашқы голын 21-ші минутта Мартин Сладки соқты. Кейін бірінші таймның 38-ші минутында бас төреші италияндық Массимилиано Иррати «Қайраттың» қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаевты алаңнан қуып, алаң иелеріне басымдық берді.

10 ойыншымен есепті теңестіру үшін шабуылдаған «Қайрат» командасы, екінші таймның 50-ші минутында Вацлав Пиларж гол соғып, алматылықтардың еңсесін әбден басты. Бас төреші ойынның 68-ші минутында чехиялық команданың ойыншысы Михал Вепршек алаңнан қуып, екі жақтың да құрамын теңестірді. Бірақ қалған уақытта «Қайраттың» есеп басын қысқартуға мүмкіндігі жетпеді.

Енді барлығы бір аптадан соң, 16-шы тамызда Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Сигма» арасындағы қарымта ойында шешіледі.

Сондай-ақ

МАРКИЗИО 25 ЖЫЛ ӨТКІЗГЕН «ЮВЕНТУСТАН» КЕТТІ

Жартылай қорғаушы Клаудио Маркизио «Ювентустан» кетті. Қос тарап келісімге келіп келісімшартты бұзуға шешім қабылдады. 32 …

Добавить комментарий