Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «ҚАЙРАТ» КАМБЭК ЖАСАЙ АЛМАДЫ

«ҚАЙРАТ» КАМБЭК ЖАСАЙ АЛМАДЫ

Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында, алматылық «Қайрат» чехиялық «Сигмаға» қарсы қарымта ойын өткізді.

Бір апта бұрын Чехияның Оломоуц қаласында өткен бірінші ойында, чехиялық «Сигма» «Қайратты» 2:0 есебімен жеңген болатын. Сондықтан алматылық клубқа кем ддегенде негізгі уақытта өз қақпасына гол жібермей, қарсыластарының қақпасына екі-үш гол соғуы керек болған.

Алматы қаласының «Орталық» стадионында өткен ойында, «Қайрат» жанкүйерлердің сенімін ақтай алмай, чехиялық «Сигмаға» 1:2 есебімен жеңілді.

19-шы минутта Нешпордан және 51-ші минутта Гоускадан, қатарынан екі гол жіберіп алған алаң иелері, бар күшін шабуылға жұмсап 61-ші минутта Эппель бір гол соғып есеп басын қысқартқанымен, одан арыға ойыншыларды жүйкелері шыдамай бірінен соң бірі қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Ойынның 79-шы минутында Фелипе алаңнан қуылса, ал негізге уақыттың қосымша 3 минуты өтіп жатқан кезде Исаэль де алаңнан қуылды, сөйтіп алматылықтар ойынды тек 9 ойыншымен аяқтады.

Екі ойын нәтижесі бойынша жалпы есеп 1:4 «Сигма» Еуропа Лигасының төртінші іріктеу кезеңіне өтті. Ал «Қайрат» биылда Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінен аса алмады.

Сурет: «f.c.kairat» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ ЖАЛАУЫН КӨТЕРМЕК

1-ші және 8-ші қыркүйек аралығында Қырғызстанда көшпенділердің III дүниежүзілік ойындары өтеді. Дүбір додаға елімізден 200-ге …