Басты бет / Бокс / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШ БОКСШЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІНІҢ УАҚЫТТАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШ БОКСШЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІНІҢ УАҚЫТТАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қазақстандық боксшылар Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО), Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) және Садриддин Ахмедовтың (3-0, 3 КО) келесі жекпе-жектерінің уақыттары белгілі болды.

Үш отандасымыздың да жекпе-жектері Канада да өтеді. Батыр Жүкембаев шаршы алаңға 6-шы қазан күні Квебекте оралады, ал Нұрзат Сабыров пен Садриддин Ахмедов 13-ші қазан күні Монреалда жекпе-жектерін өткізеді. Жерлестеріміздің қарсыластары әлі белгісіз.

Батыр 26-шы мамырда өткізген жекпе-жегінде аргетиналық Джонатан Хосе Энисті жекпе-жектің 7-ші раундтында нокаутпен жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта WBC нұсқасы бойынша Америка аймағының чемпионы атанды. Ал Нұрзат Сабыров пен Садриддин Ахмедов 16-шы маусымда өткізген жекпе-жектерінде, Нұрзат 4-ші раундта қарсыласы мексикалық Гильермо Ромероны (12-6, 9 КО) техникалық нокаутпен жеңсе, Садриддин 5-ші раундта қарсыласы мексикалық Густаво Гарибайды (13-10-2, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Сондай-ақ

УЕФА СУПЕР КУБОГЫ: «РЕАЛ МАДРИД» — «АТЛЕТИКО»

Бұл жолы УЕФА Супер Кубогын Мадрид қаласының екі клубы, өткен маусымдағы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы «Реал …

Добавить комментарий