Бұл жолы УЕФА Супер Кубогын Мадрид қаласының екі клубы, өткен маусымдағы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы «Реал Мадрид» пен Еуропа Лигасының жеңімпазы «Атлетико» өз араларында сарапқа салмақ.
Ойын бүгін, 15-сі нен 16-на қараған түні, Таллинн (Эстония) қаласындағы «A. Le Coq Arena» стадионында өтеді. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де, Қазақстандық «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Қос команданың да ең мықты Гризманн, Модрич, Бэйл, Облак, Бензема, Коке, Коста, Марсело және Асенсио сынды ойыншылары кездесуге дайын, ойын өте қызықты болайын деп тұр.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт