Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЖЕРАР ПИКЕ ИСПАНИЯ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНДАҒЫ МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

ЖЕРАР ПИКЕ ИСПАНИЯ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНДАҒЫ МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

«Барселонаның» қорғаушысы Жерар Пике ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын жариялады.

«Мен Луис Энрикемен бірнеше апта бұрын сөйлестім және бұл шешімді көп ойланып барып қабылдағанымды айттым.

Құрамадағы мансабым өте керемет кезеңдерде өтті, енді мен мансабымды тек «Барселонада» ғана жалғастырамын. Клубта көп уақыт өткізгенім, өзіме де жақсы», — деді Жерар.

Пике ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2009-шы жылы 11-ші ақпанда Англия қарсы жолдастық кездесуде өткізді.

Ол барлығы 102 ойын өткізіп, 5 гол соққан, 73 ойында жеңіске жеткен, 15 рет тең ойнаған және 14 ойында жеңілген.

Жерар Пике Испания ұлттық құрамасымен Әлем Чемпионаты 2010 және Еуропа Чемпионаты 2012 чемпионы атанды.

Сурет: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

МБАППЕ ЕКІНШІ ТАЙМДА АЛАҢҒА ШЫҒЫП «ПСЖНЫ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗДІ

Париждік клубтың шабуылшысы Килиан Мбаппе «Генгамға» қарсы өткен ойынның нәтижесін шешіп кетті. Франция чемпионатының 2-ші …