Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / АПЛ-ДЫҢ БІРІНШІ ТУРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОЙЫНДАРЫ

АПЛ-ДЫҢ БІРІНШІ ТУРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОЙЫНДАРЫ

Сарридің «Челсиі» мен Почеттиноның «Тоттенхэмі» өз ойындарында жеңіске жетті.

Ағылшын Премьер-лигасының жеңімпазы атануға үміткер командалар бірінен соң бірі өз ойындарын өткізуде.

«Лестерді» жеңіп үш ұпайды алған «Манчестер Юнайтедтен» кейін, «Тоттенхэм» сырт алаңда «Ньюкаслға» қарсы ойын өкізді.

«Тоттенхэм» ойыншысы Вертонген 8 минутта есеп басын ашқан соң, алаң иелері сапынан Ритчи 11 минутта гол соғып есепті теңестірді. Ал 18 минутта Алли гол соқты, кейін екі команда да ойынның қалған бөлігін голсыз өткізді. Нәтижесінде «Тоттенхэм» 1:2 есебімен жеңіске жетті.

«Ньюкасл» 1:2 «Тоттенхэм»

Голдар: 11′ Ритчи — 8′ Вертонген, 18′ Алли.

«Ньюкасл»: Дубравка — Йедлин, Лассельс, Кларк, Дамметт — Ритчи (Атсу 69′), Шелви, Диаме, Кенеди — Айосе (Муто 81′) — Хоселу (Рондон 60′).

«Тоттенхэм»: Льорис — Орье, Вертонген, Санчес, Дэвис — Дайер (Амос 89′), Сиссоко — Эриксен, Алли (Сон 80′), Моура (Дембеле 68′) — Кейн.

2016/2017 маусымының жеңімпазы «Челси» командасы, жаңа бапкер Маурицио Сарридің қол астында Ағылшын Премьер-лигасындағы алғашқы ойында, сырт алаңда «Хаддерсфилд» командасын 0:3 есебімен жеңді.

«Хаддерсфилд» 0:3 «Челси»

Голдар: 34′ Канте, 45′ Жоржиньо (пен.), 80′ Педро.

«Хаддерсфилд»: Хамер — Йоргенсен, Шиндлер, Конголо — Хадерджонаж, Муй, Хогг, Биллинг, Лёве (Диакаби 71′) — Притчард (Депуатр 46′) — Мунье.

«Челси»: Аррисабалага — Аспиликуэта, Давид Луис, Рюдигер, Алонсо — Баркли (Лофтус-Чик 68′), Канте, Жоржиньо — Виллиан (Азар 76′), Мората, Педро (Мозес 81′).

Фото: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

МАРКИЗИО 25 ЖЫЛ ӨТКІЗГЕН «ЮВЕНТУСТАН» КЕТТІ

Жартылай қорғаушы Клаудио Маркизио «Ювентустан» кетті. Қос тарап келісімге келіп келісімшартты бұзуға шешім қабылдады. 32 …

Добавить комментарий