Биылғы Испания Супер Кубогын «Севилья» мен «Барселона» өз араларында сарапқа салмақ.
Бұл кездесуде каталондықтар өткен маусымдағы Испания чемпионаты мен Испания Кубогының жеңімпазы ретінде, ал «Севилья» Испания Кубогының финалисті ретінде қатысады.
Биылғы Испания Супер Кубогының ойыны ерекше болмақ, себебі Испаниядан тыс жерде Мароккода өтеді және жеңімпаз екі емес бір ойында анықталатын болады.
Ойын бүгін, 12-нен 13 қараған түні, Марокконың Танжер қаласында өтеді.