Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «АСТАНА» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНАН ТЫС ҚАЛДЫ

«АСТАНА» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНАН ТЫС ҚАЛДЫ

Чемпиондар Лигасы үшінші іріктеу кезеңі аясында, «Астана» сырт алаңда Загребтік «Динамомен» қарымта ойын өткізіп, алаң иелеріне 1:0 есебімен есе жіберді.

Бір апта бұрын «Астана Арена» стадионында өткен бірінші ойында, Загребтік «Динамодан» «Астананы» 0:2 есебімен жеңген болатын.

Загребттегі «Максимир» стадионында өткен қарымта ойында, елордалық клуб келесі іріктеу кезеңіне өтуі үшін, ойынның негізгі уақытында 0:2 есебімен жеңіске жету керек болған. Бірақ хорватиялық клуб «Астанаға» гол соғуға ешқандай мүмкіндік бермей, екінші таймда өздері гол соғып кетті.

Жалпы екі ойын нәтижесі бойынша Загребтік «Динамо» 3:0 «Астананы» жеңіп, Чемпиондар Лигасы төртінші іріктеу кезеңіне өтті. Енді «Динамо» швейцариялық «Янг Бойзпен» Чемпиондар Лигасы топтық кезеңіне жолдама үшін таласады.

Ал елордалық «Астана» клубы Еуро кубоктік жорығын Еуропа Лигасының төртінші іріктеу кезеңінде жалғастырады. Ол кезеңдегі «Астананың» қарсыласы, беэр-шевалық «Хапоэль» мен «АПОЭЛ» арасындағы жеңімпазы болады.

Сурет: «Астана» клубының ресми сайтынан

Сондай-ақ

АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАУ АЛАДЫ

28-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасында ҚР …

Добавить комментарий