Мадридтіктер сырт алаңда «Жиронаға» төрт гол соғып, 4:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.
Испания чемпионатының 2-ші кезеңі аясында, «Жирона» өз алаңында өткен ойында, 17-ші минутта есеп басын бірінші болып ашты. Кейін «Реал Мадрид» командасының орталық қорғаушысы Серхио Рамос пенальтиден гол соғып, есепті теңестірді. Сөйтіп қос команда да 1:1 есебімен үзіліске шықты.
Екінші таймда мадридтіктердің шабуылшысы Бензема бірінші рет пенальтиден гол соқса, екінші ретте ойыннан гол соғып, ойындағы қос голдың авторы атанды. Ал Бензема қос голының арасында, Бэйл да өзінің кезекті голын соқты.
«Жирона» 1:4 «Реал Мадрид»
Голдар: 17′ Б. Гарсия — 39′ Рамос (пенальтиден), 52′ (пенальтиден), 80′ Бензема, 59′ Бэйл.
«Жирона»: Буну — Порро (Адай 79′), Хуанпе, Эспиноса, Муньеса — Гранель, Тимор, Понс (А. Гарсия 71′) — Порту, Лосано (Стуани 58′), Б. Гарсия.
«Реал Мадрид»: Навас — Карвахаль, Рамос, Начо, Марсело (Варан 60′) — Кроос, Каземиро, Иско (Модрич 77′) — Бэйл (Васкес 87′), Бензема, Асенсио.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт