Басты бет / Соңғы жаңалықтар / «БАРСЕЛОНА» СЫРТ АЛАҢДА «ВАЛЬЯДОЛИДТІ» ЖЕҢДІ

«БАРСЕЛОНА» СЫРТ АЛАҢДА «ВАЛЬЯДОЛИДТІ» ЖЕҢДІ

Испания чемпионатының екінші кезеңі аясында, «Барселона» сырт алаңда «Вальядолидті» 0:1 есебімен жеңді.

«Вальядолид» клубының стадионында өткен ойында футболшылардың жарақат алып қалу мүмкіндігі жоғары болды, себебі алаңнан өте нашар еді. Қос команда да өз мүмкіндерін сәтті падалана алмай жүрді бірақ ойынның 56-ші минутында Роберто құлап бара жатып берген пасты алған Дембеле бір голға айналдырды.

Осылайша, 0:1 есебімен жеңіп жатқан «Барселонаның» жағдайы соңғы минуттарда қиындап кетті, себебі негізгі уақытқа қосылған 3 минутта «Вальядолид» ойыншылары бір гол соғып есепті теңестіріп кетті. Бірақ, бас төреші VAR жүйесінің көмегімен голды ойыннан тыс қалған футболшының соққандығын анықтап, бұл голды есепке алмады. Қорытындысында «Барселона» жеңіске жетіп, Испания чемпионатындағы кезекті үш ұпайын алды.

«Вальядолид» 0:1 «Барселона»

Гол: 56′ Дембеле.

«Вальядолид»: Масип — Мойяно, Оливас, Калеро, Начо — Алькарас, Фернандес (Кеко 64′) — Тухами, Плано, Вилья (Верде 87′) — Унал (Чоп 70′).

«Барселона»: Тер Штеген — Роберто, Пике, Умтити, Альба — Ракитич, Бускетс, Коутиньо (Малком 84′) — Месси, Суарес (Эль Хаддади 90+1′), Дембеле (Видаль 76′).

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН — КАНЕЛО II ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ПРОМО-РОЛИГІ ШЫҚТЫ

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль …