Басты бет / Бокс / ДЖЕЙКОБС ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТІҢ ЖЕҢІМПАЗЫН АТАДЫ

ДЖЕЙКОБС ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТІҢ ЖЕҢІМПАЗЫН АТАДЫ

Орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс, Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жегіне болжам жасады.

Дэниэл, Канелоның ақпан айында допинг сынамалары екі мәрте кленбутеролға оң нәтиже көрсетіп, алты айға шеттетілгеннен кейін, қазіргі уақытта Головкинді жеңетініне күмән келтірді.

«Менің ойымша, Головкин екінші кездесуде Канелоны жеңеді. Біз Канелоның әлгі жайттардан кейін… қалай болатынын білмейміз (күлді). Бірақ мен, Голокиннің сол баяғыша, тек алдыға ғана жүретінін білемін. Кейбір нәрселер өзгеруі мүмкін, бірақ мен оған сенімді емеспін. Бірақ мен, Голокин жеңеді деп ойлаймын, дәл бірінші кездесудегі сияқты, ол кезде де менің көруімше солай болған еді», — деп тілшілерге сұхбат берді Джейкобс.

Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да өтеді. Ал 27-ші қазан күні Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасының кіші залы «Hulu Theater»-да, Дэниэл Джейкобс украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 KO) IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді.

Сондай-ақ

РЕСМИ: «ВАЛЕНСИЯ» МЕН «ПСЖ» ГЕДЕШТІҢ АУЫСЫМЫНА КЕЛІСТІ

«ПСЖ» командасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Гонсалу Гедеш «Валенсияның» толыққанды ойыншы атанатын болады. «Валенсияның» ресми сайтының …