Басты бет / Бокс / «TOP RANK» ТАҒЫ ЕКІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫМЕН КЕЛІСІМШАРТҚА ОТЫРДЫ

«TOP RANK» ТАҒЫ ЕКІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫМЕН КЕЛІСІМШАРТҚА ОТЫРДЫ

Атақты Боб Арумның «Top Rank Promotions» промоутерлік компаниясыны тағы екі қазақстандық қолғап шебері Асхат Уәлиханов және Сағадат Рахманқұловпен келісімшартқа отырды.

Бұған дейін, Жәнібек Әлімханұлы да «Top Rank Promotions» промоутерлік компаниясынымен келісімшартқа отырған болатын. Және де «Top Rank Promotions»-пен келісімшартқа қол қойған ең алғашқы Қазақ боксшысы атанған еді.

«Top Rank Promotions» промоутерлік компаниясы 1973-шы жылы құрылған. Компания президенті Боб Арум, Мұхаммед Әлидің және одан кейін шыққан көптеген боксшылардың жекпе-жектерін ұйымдастырған. Қазіргі уақытта Василий Ломаченко және Теренс Кроуфорд секілді боксшылардың промоутері.

Сондай-ақ, филиппиндік аңыз боксшы Мэнни Пакьяоменде бірге ұзақ уақыт жұмыс жасаған.

Сурет: «rakhmankulsagadat» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

Тамыздың 26-ы  күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында алып шаһарда  Конституциясы күніне арналған кезекті велошеру өтеді, …