Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / АЗИАДА-2018: БАЛУАН ДАНИЯР ҚАЙСАНОВ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА КҮРЕСЕДІ

АЗИАДА-2018: БАЛУАН ДАНИЯР ҚАЙСАНОВ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА КҮРЕСЕДІ

Бүгін Джакартадағы Азия ойындарында еркін күрес шеберлері чемпиондар мен жүлдегерлерді анықтайды деп жазады Olympic.kz.

74 келіде сынға түсетін Данияр Қайсанов Азия ойындарының финалдық бәсекесінде күреседі.

Данияр жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысынан басым түсті. Ал алғашқы айналымдарда Катар және Вьетнам балуандарын жеңген болатын.

Финалда Данияр Қайсанов өзбекстандық Бекзод Әбдурахмоновпен белдеседі.

Сондай-ақ, бүгін 86 келідегі Әділет Дәулембаев пен 65 келі салмақтағы Саятбек Оқасов қола медаль үшін күреседі.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ПОЛЬША — ПОРТУГАЛИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Ұлттар лигасының үшінші кезеңі аясында Польша құрамасы өз алаңында Португалия құрамасына қарсы ойын өткізеді. Бүгін, …