Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «ҚАЙРАТ» ФУТЗАЛ КОМАНДАСЫ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫН ҰТТЫ

«ҚАЙРАТ» ФУТЗАЛ КОМАНДАСЫ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫН ҰТТЫ

Қайрат футзал клубының спорт кешенінде алматылықтар мен Қазақстанның ұлттық студенттер командасы арасында жолдастық кездесу өтті. Олар 19-26-ші тамыз күндері әлем чемпионатында өнер көрсетеді, деп ақпараттық-спорттық ХАБ хабарлайды.

Матч 1:0 есебімен Кака шәкірттерінің пайдасына аяқталды. Алайда студенттер керемет ойын көрсете білді.

Алғашқы минуттардан Қазақстан құрамасының ойыншылары өздерінің жақсы бабында екенін байқатты. Олар тактикалық ойын өрнегін көрсетіп, шабуылға жиі араласты, алайда жақсы мүмкіндіктер болғанымен оларға гол салу бұйырмады.

Өз кезегінде, «Қайрат» жаңа құраммен алғаш ойының өткізіп, өз қарсыластарын бір матч бойы байқаумен болды. Сәті түссе шабуылға да араласып, қауіпті мүмкіндіктер тудырды. Соның нәтижесінде ойынның соңында екінші таймнын 15-ші минутында клубтын жаңа ойыншысы Джон Леннон  кездесудегі жалғыз голды соқты.

— Иә, бұл біздің жиыннан кейінгі алғашқы ойынымыз. Құрамымызға жаңадан ойыншылар қосылып, арасында түсініспеушіліктер орын алып жатты. Бірақ олар тырысып жүргені көрініп түр. Әлі дайындық жұмыстарын жүргізіп, алдағы Тюменьдегі турнирге баруымыз керек. Бүгін студенттер жақсы ойын көрсетті. Жақсы дайындықпен келгені байқалды. Әлем чемпионатында оларға тек сәттілік тілейміз, — деді «Қайрат» ойыншысы Дінмухамбет Сүлейменов.

Ал, студенттер болса бұл ойын өте қызықты әрі қиын болғандығын жасырмады. Олар өз ойындарына көңілдері толатындығын айтты.

— Біз өте лайықты ойын көрсеттік. Қызықты болды. Жеңуге тырыстық. Қайрат ол әлемдегі мықты клубтардын бірі, сондықтан бұл кездесу бізге оңай соқпады. Енді әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетеміз деп сенеміз, — деді студенттік құрама ойыншысы Владислав Черномордов.

Айта кету керек, студенттер арасындағы футзалдан әлем чемпионаты 19-26-ші тамыз аралығында Halyk Arena және Almaty Arena мұз кешендерінде өткізіледі.

Сондай-ақ

АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАУ АЛАДЫ

28-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасында ҚР …