Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / РЕСМИ: «ВАЛЕНСИЯ» МЕН «ПСЖ» ГЕДЕШТІҢ АУЫСЫМЫНА КЕЛІСТІ

РЕСМИ: «ВАЛЕНСИЯ» МЕН «ПСЖ» ГЕДЕШТІҢ АУЫСЫМЫНА КЕЛІСТІ

«ПСЖ» командасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Гонсалу Гедеш «Валенсияның» толыққанды ойыншы атанатын болады.

«Валенсияның» ресми сайтының хабарлауынша, валенсиялықтар «Пари Сен-Жермен» клубымен Гонсалу Гедешдің ауысымы жайлы бір келісімге келді.

БАҚ өкілдерінің ақпаратына сенсек, ауысым құны 40 миллион еуро және 10 миллион еуро бонус ретінде болады. 21 жастағы португалдық ойыншы бір-екі күнде Испанияға келіп, келісімшартқа қол қояды.

Гедеш, «Бенфикадан» 2017-ші жылы 30 миллион еуроға «ПСЖ» командасына ауысқан еді.

Гонсалу өткен маусымды «Валенсияда» жалға өткізіп, Испания чемпионатының 33 ойынында 5 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді.

Сурет: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

ГОНСАЛУ ГЕДЕШ «ВАЛЕНСИЯ» ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы Гонсалу Гедеш «Валенсияның» толыққанды ойыншысы атанды. «Валенсия» ресми сайтында, «Пари Сен-Жермен» клубынан …