Басты бет / Бокс / WBC ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫНА АРНАЙЫ БЕЛБЕУ ЖАСАТТЫ

WBC ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫНА АРНАЙЫ БЕЛБЕУ ЖАСАТТЫ

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жектің жеңімпазына табыстайтын арнайы белбеу жасатты.

WBC президенті Маурисио Сулейманның нұсқаулығымен жасалған белбеу, мексикалық шеберлердің қолынан шыққан, ал дизайнын жанкүйерлер таңдаған.

Екінші жекпе-жек 15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да өтеді. Головкин мен Канело арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр қыркүйек айында дәл сол «T-Mobile Arena»-да өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша даулы тең нәтиже тіркелген болатын.

Сондай-ақ

ГОНСАЛУ ГЕДЕШ «ВАЛЕНСИЯ» ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы Гонсалу Гедеш «Валенсияның» толыққанды ойыншысы атанды. «Валенсия» ресми сайтында, «Пари Сен-Жермен» клубынан …