Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / ТАЭКВОНДОШЫ НҰРЛАН МЫРЗАБАЕВ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

ТАЭКВОНДОШЫ НҰРЛАН МЫРЗАБАЕВ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Қазақстандық таэквондошы Нұрлан Мырзабаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

80 келі салмақта сынға түскен Нұрлан жартылай финалда кореялық спортшыдан бір ұпай айырмашылығымен ұтылды.

Тартысты кездесу барысында Мырзабаев бірнеше рет басымдық танытқанымен, соңғы секундтарда қарсылас жеңісті тартып әкетті. Есеп – 16:17.

Осылайша, таэквондошылар Қазақстанға тағы бір қола медаль сыйға тартты.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

АЗИАДА-2018: ӨКІНІШКЕ ОРАЙ, ЕЛДОС СМЕТОВ ШИРЕК ФИНАЛДА ЖАРАҚАТ АЛЫП ҚАЛДЫ

Бүгін Джакартадағы Азия ойындарында татами шеберлерінің додасы басталды. Өкінішке қарай, алтынға басты үміткер саналған Елдос …