Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / АЗИАДА-2018: АРТЕМ ЗАХАРОВ ВЕЛОТРЕКТЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

АЗИАДА-2018: АРТЕМ ЗАХАРОВ ВЕЛОТРЕКТЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Велотрекші Артем Захаров омниум бағдарламасы бойынша Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Омниумда төрт қашықтық бойынша жарыс өтеді. Захаров бәсеке басталғалы бері үздік үштіктен көрініп отырды.

Тіпті, ұпай беретін соңғы жарыста ол бірнеше рет көш басында болған еді. Алайда, жалпы ұпайды есепке алғанда Артем үшінші орынға табан тіреді. Захаровтың еншісінде 112 ұпай бар.

Бұл сында 119 ұпай жинаған жапондық Эйя Хашимото жеңімпаз атанды. Гонконгтық Винг Люнг 114 ұпаймен екінші орында.

Еске сала кетейік, бұл Захаровтың Азия ойындарындағы екінші қола жүлдесі.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

АЙДОС ЕРБОСЫНҰЛЫНЫҢ ТИТУЛДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫ АУЫСТЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының (8-0, 7 КО) кәсіпқой бокстағы тоғызыншы әрі титулдық жекпе-жегіндегі қарсыласы …