Қазақстандық балуан қыз Ділдаш Күрішбаева самбодан Азиада чемпионы атанды.
68 келіде белдескен жерлесіміз финалда өзбекстандық Нилуфар Дәулетованы жеңді.
Есеп – 4:0. Осылайша, самбошылар ел қоржынына екі алтын салып отыр.
Сондай-ақ, ерлер арасындағы сында Әлібек Зекенов қола жүлде иеленді.
Дереккөз: Olympic.kz
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт