Испаниялық «Севилья» клубы, ресейлік «Спартактан» жартылай қорғаушы Квинси Проместі сатып алды.
Андалусиялық клуб Проместі сатып алу үшін, «Спартак» клубына шамамен 21 миллион еуро төлеген. Бұл ресейлік клубтың тарихындағы ең үлкен соммадағы ойыншы сатуы.
«Спартак» Проместі 2014-шы жылы «Твентеден» 11,5 миллион еуроға сатып алған болатын. Содан бері 115 ойынға қатысып, 59 гол соққан. 2016/17 маусымда «Спартакпен» Ресей чемпионы атанған.
Голландия ойыншы «Севилья» клубымен 4 жылдық келісімшарт мерзіміне қол қойды, ал жалақысы шамамен жылымен 3,2 миллион еуро құрайды.
Квинси Промес жаңа командасының сапында алғашқы жаттығуында өткізіп үлгерді.
Сурет: «Севилья» клубының твиттерінен
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт