Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ГОНСАЛУ ГЕДЕШ «ВАЛЕНСИЯ» ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ

ГОНСАЛУ ГЕДЕШ «ВАЛЕНСИЯ» ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы Гонсалу Гедеш «Валенсияның» толыққанды ойыншысы атанды.

«Валенсия» ресми сайтында, «Пари Сен-Жермен» клубынан Гонсалу Гедешті сатып алғанын жариялады.

21 жастағы португалдық ойыншы испаниялық клубпен 6 жылдық келісімшарт мерзіміне қол қойды. Ал келісімшарт мерзімі аяқталмай сатып алу құны 300 миллион еуро.

Ауысым құны ертеректе айтқандай 40 миллион еуро және 10 миллион еуро бонус ретінде төленеді.

Гонсалу өткен маусымды «Валенсияда» жалға өткізіп, Испания чемпионатының 33 ойынында 5 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді.

Сурет: «Валенсия» ресми сайтынан

Сондай-ақ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ГЕРМАНИЯ — ФРАНЦИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Ұлттар лигасының бірінші кезеңі аясында Германия құрамасы Франция құрамасына қарсы ойын өткізеді. Бүгін, 6-шы қыркүйектен …