Жеңіл атлетикадан 800 метрге жүгіру сынында Маргарита Мұқашева Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ал 4×400 метрлік аралас командалық эстафетада ұлттық құрама атлеттері үздік үштікке енді.
800 метрге жүгіруден Маргарита Мұқашева 2:02.40 уақытты көрсетіп, күміс жеңіп алды. Бірінші орынды қытайлық Чун Ван алса, үздік үштікті Бахрейн спортшысы қорытындылады.
Сондай-ақ, 4×400 метрлік аралас командалық эстафетадалық сында ел намысын қорғаған Элина Михина, Светлана Голендова, Михаил Литвин және Дмитрий Коблов 3:19.52 уақытты көрсетіп, қола жүлдергерлер атанды. Бірінші орынды 3:11.89 уақытын көрсеткен Бахрейн командасы алса, екінші орынды 3:15.71 уақытта жүгіріп өткен Индия командасы алды.
Сурет: «Olympickz» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт