Басты бет / Бокс / КАНЕЛО ДА ГОЛОВКИНМЕН ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕ БІР АПТА ҚАЛҒАНДА САЛМАҚ ӨЛШЕДІ

КАНЕЛО ДА ГОЛОВКИНМЕН ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕ БІР АПТА ҚАЛҒАНДА САЛМАҚ ӨЛШЕДІ

Мексикалық боксшы Сауль Альварес WBC ережесіне сәйкес отандасымыз Геннадий Головкинмен екінші жекпе-жегіне бір апта қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Жекпе-жекке жеті күн қалғанда Канело таразыда 163,2 фунтты (74,02 келіні) көрсетті. Ал Геннадийдің салмағы 163,8 фунтты (74,3 келіні) көсеткен еді. Ереже бойынша жекпе-жекке жеті күн қалғанда боксшы салмағы 168 фунттан аспауы керек. Енді боксшыларға жекпе-жекке бір күн қалғанда, олардың салмақтары орта салмақтың шегі бойынша 160 фунттан аспауы қажет.

Екінші жекпе-жек Қазақстан уақытымен 16-шы қыркүйек күні таңертең, Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді. Ал жекпе-жек алдындағы соңғы ресми салмақ өлшеу рәсімі бір күн бұрын өтеді.

Сондай-ақ

КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГІ: ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ӨТКЕН КОМАНДАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Бокстан Конфедерация кубогінде аймақтардағы іріктеу кезеңдері аяқталып, турнирдің жартылай финалына жеткен командалар белгілі болды. 9 …