Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / ДЖАКАРТАДА ӨТКЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ДЖАКАРТАДА ӨТКЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Алматыда 2018-шы жылғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне арнайы сыйақы бекітілді. Алтын жүлде иегерлеріне 10 мың, күміс жүлдегерлерге 5 мың, қола медаль иегерлеріне 3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тарту етілді.

Ойын қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары 24 олимпиадалық және Олимпиада бағдарламасына енбеген 3 спорт түрінен (джиу джитсу, самбо, кураш) 15 алтын, 17 күміс және 44 медаль иеленіп, жалпы есепте 9-шы орыннан көрінді. Атлеттеріміз 24 олимпиадалық спорт түрінен жүлде алды.

Жалпы алғанда, Азия ойындарында 30 спортшымыз жеңімпаз атанды. 46 спортшы күміс, 66 спортшы қола жүлдегер. Командалық спорт түрлерін қоса есептегенде (142) әрбір үшінші қазақстандық спортшы Азиада медалін жеңіп алды. 17 команда Азиадаға толықтай жаңартылған құраммен қатысты. Айта кету керек, Қазақстан командасындағы спортшылардың басым бөлігі Азия ойындарына алғаш рет қатысып отыр.

Дереккөз: Sport.inform.kz

Сондай-ақ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ИСЛАНДИЯ — БЕЛЬГИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

УЕФА Ұлттар лигасының екінші кезеңі аясында Исландия құрамасы өз алаңында Бельгия құрамасын қабылдайды. Ойын бүгін, …