Басты бет / Басқа түрлер / 2019-ШЫ ЖЫЛЫ АСТАНАДА ТРИАТЛОННАН ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

2019-ШЫ ЖЫЛЫ АСТАНАДА ТРИАТЛОННАН ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

Австралияда Халықаралық Триатлон Одағының кезекті ХХХІ конгресі өтті. Жиынға 46 елдің өкілдері қатысып, алдағы жоспарларды талқылады.

Конгреске әлемдегі ұлттық федерациялардың барлығы дерлік қатысты. Оның ішінде, қазақстандық делегация да бар.

Жиында ITU биылғы маусымды қорытындылап, маңызды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, триатлоннан өткізілетін жарыстардың кестесі түзілді.

Конгреске қатысушылар 2019-шы жылдың 15-16 маусымында Қазақстанда әлем кубогі кезеңін өткізуді бір ауыздан мақұлдады. Астана өз тарихында екінші рет триатлоннан әлем кубогі кезеңін қабылдамақ.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГІ: ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ӨТКЕН КОМАНДАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Бокстан Конфедерация кубогінде аймақтардағы іріктеу кезеңдері аяқталып, турнирдің жартылай финалына жеткен командалар белгілі болды. 9 …