Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев (12-0, 5 КО), Лас-Вегастағы (АҚШ) бокс кешінде жекпе-жек өткізіп, өкінішке орай жеңіліп қалды.
Отандасымыздың қарсыласы мексикалық боксшы Пабло Сезар Кано (31-7-1, 21 КО) болды. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек, бесінші раундта тоқтатылды, себебі Пабло Сезар қабағы жарылып кетті. Сол сәтке дейін, Кано үш төрешінің шешімі бойынша, бірдей 49-46 есептерімен басымдылыққа ие болып, жекпе-жек жеңімпазы деп аталды.
Бұл, Руслан Мәдиевтің кәсіпқой бокстағы бірінші жеңілісі болды. Пабло Сезар Кано жекпе-жектен кейін, егерде Руслан қарымта кездесу өткізгісі келетін болса, өзінің кез-келген уақытта дайын екенін айтты.
Айта кетсек, Руслан Мәдиев соңғы жекпе-жегінде, Головкин мен Мартиросян бокс кешінде шаршы алаңға көтеріліп, қарсыласы мексикалық Хесус Пересті (21-0, 16 КО) 10 раунд қорытындысы бойынша, төрешілердің шешімімен жеңді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт