Басты бет / Бокс / ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІ АЛДЫНДАҒЫ САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІ АЛДЫНДАҒЫ САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

14-ші қыркүйектен 15-ші қыркүйекке қараған түні, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жектері алдында соңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтеді.

Салмақ өлшеу рәсімі Youtube-тегі HBO Boxing арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар, «Golden Boy Promotions» промоутерлік компаниясының Facebook-тегі ресми парақшасында да көрсетіледі. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 03:30-да.

Айта кетсек, жекпе-жекке бір апта қалғанда Головкиннің салмағы 163,8 фунт (74,3 келі) болса, ал Альварестің салмағы 163,2 фунт (74,02 келі) болды. Ереже бойынша жекпе-жекке жеті күн қалғанда боксшы салмағы 168 фунттан аспауы керек. Енді боксшыларға жекпе-жекке бір күн қалғанда, олардың салмақтары орта салмақтың шегі бойынша 160 фунттан аспауы қажет.

Головкин мен Канело арасындағы екінші жекпе-жекте дәл сол жерде, 15-ші қыркүйек күні (Қазақстанда 16-шы қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді. Бокс кеші Астана уақыты бойынша сағат 06:00-де басталады, ал «QazSport» және «Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Сондай-ақ

САУЛЬ АЛЬВАРЕС ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУСІЗ ҚАЛДЫ

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) Сауль Альварестен чемпиондық белбеуді тартып алуды жөн санады. Ұйымның ресми хабарламасында …